Түркістан облысында жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі бір уақытта еліміздің бірнеше қаласында сезілген.

Түркістан облысында жер сілкінісі болды
istockphoto.com
237

Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 742 км жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлады turkystan.kz.  

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 9 желтоқсанда Астана уақытымен 08 сағат 24 мин 10 сек жер сілкінісі тіркелді, — делінген хабарламада. 

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 742 км жерде орналасқан.

Жер сілкінісі бір уақытта еліміздің бірнеше қаласында сезілген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше:

  • Түркістан облысы
  • Мақтаарал ауданы
  •  Атакент ауылы 2 балл

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда жер сілкінісіне арналған симуляциялық оқу орталығы ашылады.

Сондай-ақ, бүгін АҚШ-тағы Андреян аралдарына жақын жерде жер сілкінісі болғаны хабарланды. 

Серіктес жаңалықтары