593
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтарға ескерту жасады
Қазақстанда алаяқтар енді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығынан келген хабарламалар ретінде жалған хабарламалар таратып жатыр.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде жалған аккаунттар ашып, агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың атынан хабарламалар таратқан алаяқтар туралы ескертеді, – деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
Белгісіз тұлғалар қандай да бір мәліметтерді алу арқылы алаяқтық әрекеттер жасауға тырысып жатқаны түсіндіріледі.
Агенттік қазақстандықтарды жалған хабарламаларға сенбеуге, жауап бермеуге және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады.