Ер адам рекорд жасау үшін 4 ай су астында өмір сүрген

Кох су астында ең ұзақ уақыт тұру бойынша әлемдік рекордты жаңартуды мақсат етіп отыр

Ер адам рекорд жасау үшін 4 ай су астында өмір сүрген
upi.com
361

Германияның 59 жастағы аэроғарыш инженері Рюдигер Кох 26 қыркүйектен бастап, Панама жағалауындағы Пуэрто-Линдо ауданындағы су асты капсуласында өмір сүріп, жұмыс істеді. Ол екі ай бойы су астында болғаннан кейін, енді тағы екі ай сонда болуды жоспарлап отыр.

Inbusiness.kz мәліметінше, енді Кох су астында ең ұзақ уақыт тұру бойынша әлемдік рекордты жаңартуды мақсат етіп отыр.

Кохтың "пәтерінің" ауданы шамамен 30 шаршы метрге тең. Капсулада тасымалданатын әжетхана, теледидар, компьютер, төсек, велотренажер, күн батареясы, спутниктік интернет және бірнеше желдеткіш бар. Кохтың айтуынша, ол көбіне душта шомылғанды сағынады.

Кох 24 қаңтарда су бетіне көтеріліп, су астында 120 күн өткізуді жоспарлап отыр. Қазір ең ұзақ уақыт Джозеф Дитуриге тиесілі. Ол 100 күн су астында болған. Рекорд 2023 жылы Флорида жағалауында орнатылған.

Серіктес жаңалықтары