591
Түркістанда анасы мен қызын аяусыз өлтірген бұрынғы мұғалім сотталды
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ
Түркістан облысы Амангелді ауылында анасы мен қызын өлтірген бұрынғы мектеп мұғалімі өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады turkystan.kz Түркістан 24 арнасына сілтеме жасап.
"Аханов Абай Асхатұлына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын өтеу мерзімі 12 қыркүйектен бастап есептелсін", – делінген сот шешімінде.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
"Сот алқабилердің қатысуымен өтті. Қазірге сот үкімі заңды күшіне енбеді. Сот тарапынан біздің талап арызымыз толығымен қанағаттандырылды. Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 50 миллион теңге материалдық шығын өтеледі", – деді зардап шегуші тараптың адвокаты.