«Қазақстан аруы-2024» байқауының жеңімпазы анықталды

Бағым Балтабаева енді Қазақстан атынан «Әлем аруы» халықаралық байқауында бақ сынайды.

«Қазақстан аруы-2024» байқауының жеңімпазы анықталды
instagram
481

Алматыда өткен «Қазақстан аруы-2024» сұлулық байқауында өскемендік 22 жастағы Бағым Балтабаева жеңімпаз атанды.

Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 20 үміткер қатысты.

Финалдық кезеңде бірнеше арнайы номинациялар тағайындалды:

  • Айдана Әбілқасова — «Вице-мисс Қазақстан 2024»,
  • Томирис Қадырхан — «Жер аруы 2024»,
  • Дана Алмасова — «Ғалам аруы 2024».

Биылғы байқау ерекше концепциясымен көзге түсті. Ұйымдастырушылар сұлулық стандарттарына деген қоғамдағы стереотиптерді жоюды мақсат тұтты. «Әйел болу өнер» («The Art of Being a Woman») деп аталған тақырып аясында қатысушылардың ішкі әлемі мен тұлғалық қасиеттеріне басымдық берілді.

Бағым Балтабаева енді Қазақстан атынан «Әлем аруы» халықаралық байқауында бақ сынайды.

Серіктес жаңалықтары