401
«Келін болып қалар»: Мақпал Жүнісова Әлішер Каримовтың сүйіктісін көрсетті
Фотода Әлішер Каримовтың бейтаныс аруды құшақтап тұрғанын көруге болады.
Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова өнердегі інісі Әлішер Каримовпен түскен суретін жариялап, оның жеке өміріне қатысты көпшілік білмейтін жайтты айтты.
Эстрада жұлдызы елдің қызу талқысын тудырған фотоны жеке парақшасында жариялады.
Фотода Әлішер Каримовтың бейтаныс аруды құшақтап тұрғанын көруге болады. Желі қолданушылары «Әлішерді құшақтап тұрған қыз кім?» деп сұрақ қойды.
Мақпал Жүнісова әншінің қасындағы аруға қатысты пікір білдіріп, әріптесінің жеке өміріне қатысты құпиясын ашып қойды.
«Бұйыртса, келін болып қалар», – деп қысқа жауап берді әнші.