«Барыс» қатарынан алтыншы ойында жеңіліп қалды

Қазақстандық команда бүгінгі кездесуде қарсыласына 2:4 есебімен есе жіберді.

«Барыс» қатарынан алтыншы ойында жеңіліп қалды
Фото: Prosports.kz
406

«Барыс» қатарынан алтыншы ойында жеңілді, деп хабарлады turkystan.kz порталы Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордалықтар өз алаңында «Спартакқа» (Мәскеу) 2:4 есебімен есе жіберді.

Кездесу барысында алғашқы кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде ресейлік команда қатарынан үш шайба соғып кетті. Оны Адам Ружичка 21, Ансель Галимов 28, Александр Беляев 33-минутта өздерінің еншісіне жазды.

Елордалық команда үшінші кезеңде қатарынан екі шайба соғып, есеп айырмасын қысқартты. Олардың қатарынан Антон Бурдасов 46, Әлихан Өмірбеков 47-минутта мергендік танытты.

Ойынның бітуіне санаулы секундтар қалғанда ресейлік клубтан Даниил Орлов қорытынды есепті белгіледі.

Айта кетсек, елордалық клуб осылайша қатарынан алтыншы мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.

Осылайша осы маусымда 25-ші рет жеңіліс тапты.

Ғалым Мамбеталиев шәкірттері келесі матчын 6 желтоқсан күні түзде «Северсталь» клубына қарсы өткізеді.

Серіктес жаңалықтары