Қазақстандағы 3 ірі мобильді оператор келісіп тариф бағасын көтерген

Агенттік бір жылдағы баға динамикасына талдау жүргізетінін, содан кейін оларға құқықтық баға берілетінін айтты.

Қазақстандағы 3 ірі мобильді оператор келісіп тариф бағасын көтерген
istockphoto.com
126

Еліміздегі үш ірі мобильді оператор – Kcell, Tele2/Altel және Beeline келісіп тариф бағасын көтерген деген күдікке ілінді. Бәсекелестікті қорғау агенттігі осыған қатысты тергеп-тексеру бастағанын мәлім етті.

Іс Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша қаралып жатыр.

Тергеуге осы жылдың желтоқсан айынан бастап тарифтерді көтеруді жоспарлаған байланыс операторларының хабарламалары себеп болған.

Агенттік бір жылдағы баға динамикасына талдау жүргізетінін, содан кейін оларға құқықтық баға берілетінін айтты.

Бұдан басқа «КаР-Тел» ЖШС мен «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты үй интернетінде үстем жағдайды теріс пайдалану бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ ведомство 2024 жылғы желтоқсаннан бастап тарифтерді көтеру жөніндегі операторлардың хабарларынан кейін ұялы байланыс операторларына қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы ескерту жіберді.

Серіктес жаңалықтары