139
Келесі жылы елорда маңындағы 6 елді мекен газға қосылады
2025 жылы Аққайың, Алтынсарин, Талапкер, Қаражар, Қызылсуат ауылдары және Қосшы қаласына газ желісі жеткізіледі.
Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ брифингінде мәлім етті.
2025 жылы Аққайың, Алтынсарин, Талапкер, Қаражар, Қызылсуат ауылдары және Қосшы қаласына газ желісі жеткізіледі. Бұл елдімекендерде 68 мың адам тұрады.
2026 жылы Целиноград ауданының Қараөткел және Ақмол ауылдары, Аршалы ауданының Ақбұлақ және Тайтөбе ауылын газдандыру жоспарланып отыр.
Қазір Аршалы ауданының 16 ауылы газға қосылған. Биыл Жібек жолы, Шұбар, Қоянды ауылдары және «Нұрлы» өндірістік кооперативін газға қосу аяқталады.