Каспий маңында барланған 8 кен орны мемлекетке қайтарылды

Биыл төрт учаске аукционға қойылды.

Каспий маңында барланған 8 кен орны мемлекетке қайтарылды
istockphoto.com
132

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс жүргізілмеген Каспий маңы бассейні шегіндегі кен барлау учаскелерін мемлекетке қайтару мәселесін көтерді. Оған Энергетика вице-министрі жауап берді.

«2023-2024 жылдары Каспий маңы бассейнінде осындай сегіз учаске анықталды. Аталған сегіз келісімшарт бүгінде тоқтатылды. Биыл төрт учаске аукционға қойылды, олар бойынша жыл соңына дейін қол қою жоспарлануда. Қалған төрт учаске келесі жылы аукционға шығарылады», - деді Ерлан Ақкенженов.

Серіктес жаңалықтары