145
СҚО-да мүмкіндігі шектеулі ер адам үйінде өртеніп кетті
Құтқарушылар марқұмның денесін қиранды арасынан шығарып алды.
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында зейнеткер өз үйінде тірідей жанып кетті, деп хабарлады turkystan.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Өрт басталғанда жалғыз тұратын 69 жастағы ер адам ұйықтап жатқан. Зейнеткердің мүмкіндігі шектеулі екені анықталды, ол өздігінен жүріп-тұра алмаған екен. Өрт сөндірушілер жетемін дегенше, үйдің төбесі опырылып ортасына құлаған.
Құтқарушылар марқұмның денесін қиранды арасынан шығарып алды. Сараптама тағайындалып, өрттің неден шықққаны анықталып жатыр.
«Оқиға орнына сағат үштен 42 минут кеткенде жетті. Өртенген аумақ 55 шаршы метр. Оттың неден тұтанғаны анықталып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Ал марқұм — бірінші топтағы мүгедек», – дейді СҚО ТЖД басқармасы бастығының орынбасары Аян Құсайынов.