«Қазақтелекомның» лауазымды қызметкерлері қамауға алынды

Олардың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 450 млн теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілд

«Қазақтелекомның» лауазымды қызметкерлері қамауға алынды
istockphoto.com
161

«Қазақтелеком» АҚ филиалы – Сервистік фабрикасының лауазымды адамдары өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. 

Антикордың мәліметінше, «Қазақтелеком» АҚ Жамбыл облысы филиалы бойынша сервистік фабрикасының лауазымды тұлғаларына қатысты өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

«Филиалдың бас директоры мен бірқатар қызметкерлері мемлекет мүддесіне қайшы және кәсіпкер үшін пайда табу мақсатында оған Тараз қаласындағы Қоғамның әкімшілік ғимаратын көрінеу төмен бағамен сатқан деп күдіктенеді.

Олардың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 450 млн теңгегеден астам сомаға материалдық залал келтірілді.

Келтірілген зиянды өтеу жөніндегі қамтамасыз ету шаралары ретінде жоғарыда аталған нысанға тыйым салынды», - делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.  Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары