«Бурабай» ұлттық паркі қазақстандықтарға ескерту жасады

Ведомство азаматтарды орман ресурстарын қорғауға және белгіленген ережелерді сақтауға шақырды.

«Бурабай» ұлттық паркі қазақстандықтарға ескерту жасады
istockphoto.com
127

1 желтоқсаннан бастап «Бурабай» МҰТП орман инспекторлары қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу фактілерінің жолын алдын-алу мақсатында, күшейтілген патрульдеуге көшеді.

Тәулік бойы жедел кезекшілік жаңа жылдық мерекелерге дейін жүргізіледі.

Саябақ әкімшілігі еске салады:

«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 381-1 бабына сейкес, «заңсыз кесілген ағаштарды, көлік құралдарын және аталған бұзушылықтарды жасау құралы болып табылған бұзушының өзге де заттарын тәркілей отырып, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру – жеке тұлғаларға – 30 АЕК мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің немесе коммерциялық емес ұйымдардың лауазымды адамдарына — 70 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 90 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатының ескертеміз», – делінген хабарламада.

Бұдан басқа, бұзушы қылқан жапырақты ағаштардың әрбір ағашын бүлдіргені немесе жойғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде («ҚР орман заңнамасын бұзумен келтірілген зиян мөлшерін есептеу үшін базалық ставкаларды бекіту туралы» ҚР ЭӘДМ-нің 22.09.2023 жылғы № 265 бұйрығы негізінде) залал төлеуге мәжбүр болады.

Сондай-ақ, егер орман қорына келтірілген залалдың мөлшері 50 АЕК-тен асса, материалдар қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына беріледі.

Ведомство азаматтарды орман ресурстарын қорғауға және белгіленген ережелерді сақтауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары