Павлодарда жылқылармен соқтығысқан көлік жүргізушісі қаза болды

Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Павлодарда жылқылармен соқтығысқан көлік жүргізушісі қаза болды
instagram / tipavlo.dar
273

Павлодар облысында көлік жүргізушісі жол апатынан қайтыс болды. Оқиға түнде, Павлодар облысындағы Новосібір облысының шекарасынан 10 шақырым жерде болған, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Volkswagen маркалы автокөліктің жүргізушісі түнгі уақытта жолда екі жылқыны қағып кеткен. Содан кейін көлік аударылып кеткен. Павлодар облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы фактісін растады және бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді..

«Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Түнгі уақытта Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, екі жылқыны қағып, көлік аударылып түскен. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Жылқылардың иесі анықталды. Апаттың себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады», – делінген департаменттің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары