172
Павлодарда полицейден қашқан көлік жүргізушісі ағашқа соғылды
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ маркалы автокөлік жүргізушісі полицияның күдігін тудырған
Павлодарда полицейден қашқан көлік жүргізушісі ағашқа соғылды. Жол апаты Қамзин-Циолковский көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ маркалы автокөлік жүргізушісі полицияның күдігін тудырған.
"Ол қызметкерлердің тоқтату туралы талаптарын елемей жылдамдықты арттыра берді. Расков көшесінде рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылып, қашып кетуге тырысты, бірақ ұсталды", - деп хабарлады департамент.
Сөйлесу кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққан. Тексеріс қорытындысы бойынша оның мас екені анықталды.
Мас күйінде рөлге отырғаны үшін жүргізуші жауапқа тартылды. Материал сотта қаралды, оның шешімі бойынша жүргізуші жеті жылға жүргізу құқығынан айырылды және 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.