277
Еркебұлан Тоқтар қарсыласын 47 секундта нокаутқа түсірді
Жеңіл салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын, әр раунд екі минуттан тұрды
Қазақстандық актер әрі жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар Алматыда өткен Nomad Fighting 11 турнирінде ресейлік поп-ММА жұлдызы Фарид Ядуллаевты нокаутқа түсірді.
Жеңіл салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын, әр раунд екі минуттан тұрды. Алайда қазақстандық спортшыға қарсыласын нокаутқа жіберу үшін небәрі 47 секунд жеткілікті болды.
Айта кетейік, отандасымыз 2023 жылы болған жеңіліс үшін Ядуллаевтан реванш алды. Сол кезде де қос спортшы жалаңқол жекпе-жек ережелері бойынша күш сынасқан болатын.
Еркебұлан Тоқтар ММА-де тоғыз рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. Соңғы рет ол 2 қарашада DFC - Dala Fighting Championship турнирінде октагонға шығып, мысырлық Хайтам Эль Саедті техникалық нокаутпен жеңген болатын.