221
Алматы облысында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Алматы облысында үш автокөлік соқтығысып, бір адам қаза болды.
Жол апаты Жамбыл ауданында, Алматы – Бесмойнақ тасжолының 77-шақырымында болған. Салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам ауыр жарақат алды.
“Mercedes Benz 280 көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Ford Focus автокөлігімен соқтығысқан, содан кейін инерциямен ВАЗ-2114 көлігіне соғылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Ford Focus жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді,” – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.