Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы үшінші рет әже атанды.
Продюсердің қызы Айсәуле Бақытбек қызды болды.
«Бақыт! Бақыт! Бақыт! Менің қызым үшінші рет ана атанды. Қызды болдық», – деп жазды продюсер.
Желі қолданушылары құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
«Қызыңыздың аман-есен жаны қалғаны құтты болсын!», «Қандай керемет жаңалық», «Бауы берік болсын!», «Қош келдің, ханшайым!», – деп жазды көпшілік.