Тұман, жаңбыр: бірнеше өңірде ауа райы қолайсыз болады

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Астанада тұман түседі

Тұман, жаңбыр: бірнеше өңірде ауа райы қолайсыз болады
istockphoto.com
195

29 қарашада еліміздің 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Астанада тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман.

Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың таулы аудандарында найзағай. Түнде облыстың солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүтігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман.

Қарағанды облысының батысында тұман.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Серіктес жаңалықтары