eGov.kz-те көлік жүргізушілері үшін жаңа қызмет түрі пайда болды

Жаңа көрсетілетін қызметтің арқасында eGov.kz порталында медициналық анықтама алу процесі жеңілдеді.

eGov.kz-те көлік жүргізушілері үшін жаңа қызмет түрі пайда болды
istockphoto.com
169

eGov.kz порталын пайдаланушылар алушының көлік құралын басқаруға жарамды екенін растайтын 073/е нысанындағы медициналық анықтаманы ала алады.

073/е нысанындағы медициналық анықтама – барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат, ол көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқ екенін растайды.

Бұрын азаматтар бұл анықтаманы төрт маманнан (терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог) медициналық тексерістен өткеннен кейін қағаз түрінде алатын. Жаңа көрсетілетін қызметтің арқасында eGov.kz порталында медициналық анықтама алу процесі жеңілдеді. Енді пайдаланушылар медициналық тексерістен өткеннен кейін анықтаманы электрондық форматта алады, ал цифрлық құжат автоматты түрде бірыңғай деректер қорында сақталады.

Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін :

– eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Денсаулық» - «Медициналық көмек» бөліміне өту;

– «№ 073/е нысаны бойынша медициналық анықтама беру» қызметін таңдау;

– Қол жетімді қол қою әдістерінің бірімен өтінішке қол қою қажет.

Көрсетілетін қызметті алу нәтижесінде мамандардың қорытындысы бар медициналық анықтама PDF форматында пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді болады. Анықтама оны алған сәттен бастап бір жыл бойы жарамды.

Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Денсаулық министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.

Серіктес жаңалықтары