«Кітап-AMANAT»: Түркістан облысында үшінші кітап орталығы ашылды

Түркістан облысында бүгін үшінші «Кітап-AMANAT» рухани-ағартушылық орталығының ашылу рәсімі өтті.

«Кітап-AMANAT»: Түркістан облысында үшінші кітап орталығы ашылды
«AMANAT» партиясы
Автор
Админ
186

Мемлекет басшысы дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайтынын айтқан болатын. Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес деп баға берген Қазақстан Республикасының Президенті, кітапханалар – білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені екеніне баса мән берді. Осы орайда, кітапханалардың жүйесі мен жұмысын ұйымдастыруға жаңаша көзқараспен қарау қажет екенін назарға алды.

Сайлаушылардың үлкен сеніміне ие «AMANAT» партиясы, Мемлекет басшысының «Адал азамат» тұжырымдамасын ілгерілетіп, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруда идеологиялық ауқымы кең «Кітап- AMANAT» рухани-ағартушылық жобасын қолға алғаны белгілі. Партиямыздың Әйелдер қанаты ұйытқы болған жоба ұрпақ тәрбиесі мен біліміне қызмет етіп, ұлттық мүддемізге сай келетін кітаптар басып шығару ісіне қолдау көрсетуге арналған. Шын мәнінде бұл бастама қазақтілді аудиторияны әлем әдебиетінің жауһары деп танылған кітаптардың ана тілімізде жарық көруіне, олардың өз оқырмандарын табуына жағдай жасауды, ересек тұрғындар мен балаларды қазіргі заман әдебиетімен таныстырып, ұнаған кітаптарын сатып алу мүмкіндігін қарастырып отыр.

Республика тұрғындарының 10 пайыздан астамы шоғырланған Түркістан облысында бүгін осымен үшінші «Кітап-AMANAT» рухани-ағартушылық орталығының ашылу рәсімі өтті. Осыдан бір жыл бұрын Жетісай қаласынан ашылған орталықтың ізімен дәл осы мазмұндағы кітап алаңы Түлкібас ауданының орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылында ашылған еді. Бүгін кезекті кітап орталығы Мырзакентте «AMANAT» партиясының Мақтарал аудандық филиалының ғимаратында ашылды.

Ауданның мәдени тынысын айшықтай түсуге қызмет ететін, тұрғындардың рухани сұранысын қамтып, танымдық қасиетін нығайтатын, өскелең ұрпақты білім-білікке баулитын орталықтың ашылуына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының уақытша міндетін атқарушы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева, партияның өңірлік филиалы жанындағы «MIRAS» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі кеңестің мүшелері, Мақтарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, аудандық мәслихат төрағасы Қадір Сәрсекбаев, партия ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, партия қызметкерлері, бастауыш ұйымдардың белсенділері, жастар қатысты.

Ағартушылық орталықтың ашылуында сөз алған Қалыйма Жантөреқызы білімпаздық, зияткерлік, еңбекқорлық қасиеттер адам баласын кез келген тығырықтан алып шығатынын атап өтті.

«Бүгін көңілді сергітетін, көзді ашатын, рухани нәр беретін іс-шараға келіп отырмыз. Тұрғындары еңбеккер, мақтаулы жұрт Мақтарал ауданына партияның өңірлік филиалы жанындағы «MIRAS» кеңесінің мүшелері табан тіреді. Облысымыздың руханиятына қызмет ететін кеңестің 2022 жылы өткен мәжілісінде қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мәселесін жан-жақты қарастырған болатын. Енді міне соның нәтижесін көріп, Түркістанның көнеден келе жатқан ілім мен білімнің орталығы мәртебесін ілгерілетуде партиямыздың бастамасымен «Кітап-AMANAT» кеңселері бұған дейін Жетісай, Түлкібас аудандарында ашылса, бүгін Мақтарал ауданында іске қосылып отыр», – деді Қалыйма Жантөреқызы.

Ауданның мәдени өмірінде жарқын сәт болып қалатын орталықтың ашылуында құттықтау сөзін арнаған аудан әкімі Бақыт Асанов білімнің бастауы – кітапта екенін айта отырып, жаппай кітап оқитын қоғамға айналуымыз үшін жастарды кітаппен дос болуға, әдебиетпен сырласуға баулуымыз керек екенін айтты. Мазмұнды бастаманы көтеріп, тағлымды тәрбие орталығын ашып отырған «AMANAT» партиясына алғысын білдіріп, облыстық партия филиалының жұмыстарына табыстар тіледі.

Серіктес жаңалықтары