Әнші Абай Бегейдің бірнеше ай бұрын тұрмысқа шыққан 16 жастағы қызы Сымбат Абайқызы үйлі болды.
Олар Алматыда танымал блогер Айгерім Әбілқадірова мен әнші Әділдің 3 бөлмелі пәтерін сатып алғаны белгілі болды.
«Біз үйлі болдық. Аллаға сансыз шүкір! 104 шаршы метр, 3 бөлмелі пәтер иелері атандық. Негізі Мұстафаның үйленерге дейін Алматыда 1 бөлмелі пәтері болды. Бас екеу болған соң ол үйге сыймай үлкен үй алайық деген шешімге келіп, міне, бүгін сол арманымызға жетіп жатырмыз. Бұл үйді де 1 күннің ішінде іздеп, тауып, бүгін көшіп жатырмыз», - деп жазды Сымбат Абайқызы.