Түркістан облысында қылмыстық топ заңсыз көші-қонмен айналысқан

Жалған құжаттардың көмегімен ҚР шекарасынан өтуге тырысқан 10 шетелдік азамат елден шығарылды

Түркістан облысында қылмыстық топ заңсыз көші-қонмен айналысқан
Фото: Halyq Uni
153

Түркістан облысында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жыл басынан бері шетел азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмек көрсетумен айналысқан адамдар тобының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шекарадан өту үшін шетелдіктерге жалған сот қаулыларын ақылы түрде берген 9 адамды ұстады. Бұдан басқа жоғарыда көрсетілген жалған құжаттардың көмегімен ҚР шекарасынан өтуге тырысқан 10 шетелдік азамат елден шығарылды.

Қазіргі уақытта заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жай анықталуда.

Сондай-ақ жыл басынан бері «Қазығұрт», «Жібек жолы», «Қонысбаев» және басқа да шекаралық бекеттерде валютаны заңсыз айырбастаумен айналысатын адамдарға қатысты 40-тан астам тексерулер, сондай-ақ ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Бүгінгі таңда Түркістан облысының полицейлері кедендік саладағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды жалғастыруда.

Серіктес жаңалықтары