«Өз бейнесі ұнамаған»: Қостанайда ғимараттың терезесін сындырған жігіт сотталды

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

«Өз бейнесі ұнамаған»: Қостанайда ғимараттың терезесін сындырған жігіт сотталды
Автор
Админ
232

Достарымен бірге кафеде уақыт өткізген ер адам ғимараттың жанынан өтіп бара жатып, әйнектен өз бейнесін көріп, ұнатпай, оны әдейі сындырған. Содан кейін ол аулалар арқылы қашып кетуге тырысқан.

Полиция 31 жастағы жігітті ұстады. Сот оған мемлекеттік мүлікті бүлдіргені үшін 185 мың теңге айыппұл салды. Сонымен қатар ол ұйымға келтірілген зиянды өтеу үшін 80 мың теңге төледі.

Серіктес жаңалықтары