Атырауда бассейнге батып кеткен 10 жастағы қыздың ісіне қатысты үкім шықты

Құтқарушыға үкім шықты.

Атырауда бассейнге батып кеткен 10 жастағы қыздың ісіне қатысты үкім шықты
pixabay.com
Автор
Админ
266

Атырау соты «Мұнайшы» спорт кешенінің құтқарушысына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

14 шілдеде 10 жастағы қыз бала спорт кешенінің ересектерге арналған бассейніне батып кеткен.

«Құтқарушы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған. Баланы тереңдігі 5,5 метр болатын, ересектерге арналған қауіпті бассейнге жіберген. Жүзі білмегендіктен бала батып кеткен. Құтқарушының бейқамдығы мен қауіпсіздік талаптарын сақтамауы абайсызда жас баланың өліміне әкеліп соққан», - делінген баспасөз хабарламасында.

Сотталушы кінәсін мойындады. Ол 4 жылға шартты түрде сотталды.

Серіктес жаңалықтары