214
Димаш Құдайберген Қазақстанның туристік жерлері көрсетілген бейнебаянын ұсынды
Әннің бейнебаяны Қазақстанның ең көрікті, қасиетті жерлерінде түсірілді.
Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қазақстанның туризмін дамыту үшін «Киелі мекен» әніне бейнеклип түсірді.
Әннің бейнебаяны Қазақстанның ең көрікті, қасиетті жерлерінде түсірілді. Видеодан Шарын шатқалын, Көлсай көлдерін, Ақмешіт үңгірін, Әзірет-Сұлтан тарихи музейін, Бозжыра шатқалы, сол сияқты Бурабай, Қатонқарағай, Алтын-Емел, Жоңғар-Алатау ұлттық саябақтарын көруге болады.
«Достар, ерекше ықыласпен және зор қуанышпен «Киелі мекен» әніме түсірілген бейнебаянды ұсынамын. Жаңа музыкалық жұмыс Отанымның таңғажайып көркемдігіне арналған!
Бейнебаянда біз Қазақстанның бірегей табиғи ландшафттары мен бай мәдениетін паш етуге тырыстық.
Мен Қазақстан әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристердің тартылатын орталығына айналатынына сенімдімін», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.