287
Астанада 36 млн теңгенің сағатын ұрлаған екі адам сотталды
Істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады.
46 және 61 жастағы азаматтар сейфті бұзып, жалпы құны 36,1 млн теңге тұратын 5 қолсағатты ұрлаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ең қымбат Breguet Classique Grande Complication сағаты 22,3 млн теңгеге бағаланған. Күдіктілер оны Шымкент базарында 800 мың теңгеге сатқан.
Тергеу барысында күдіктілер жәбірленушіге сатылмаған сағаттар мен ақшаны қайтарған.
Күдіктілердің бірі 5,5 жылға, екіншісі 2 жылға сотталды. Олар жәбірленушіге әлі 21,2 млн теңге қарыз.