219
Қарағанды облысында 11 жастағы бала көлік ұрлаған
Баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 73 840 теңге көлемінде айыппұл арқалады.
Қарағанды облысының полицейлері жеңіл көлік ұрлады деген күдікпен 11 жасар жасөспірімді ұстады. Оқиға Абайда болған.
ekaraganda.kz порталының жазуынша, ұл бала 32 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі көлікті ұрлап кеткен. Жасөспірім трассада келе жатып тізгінге ие бола алмай қалады, салдарынан көлік жолдан шығып кеткен. Оқиғадан кейін кәмелетке толмаған бала апат орнынан қашып кетті.
Құқық қорғау қызметкерлері көлікті айдап кеткен баланың жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 73 840 теңге көлемінде айыппұл арқалады.