«1 жыл болды»: Жұлдыз Өмірғали парик киіп жүруге мәжбүр екенін айтты

Оның сөзінше, шашын түрлі техникалық құралдармен бұйралағандықтан зақым келіп, көп түсе бастаған.

«1 жыл болды»: Жұлдыз Өмірғали парик киіп жүруге мәжбүр екенін айтты
instagram
2751

Әнші Жұлдыз Өмірғали сахнаға не себепті парик киіп шығатынын түсіндірді, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның сөзінше, шашын түрлі техникалық құралдармен бұйралағандықтан зақым келіп, көп түсе бастаған.

«Шашыма қатысты өз ойымды бөлісе отырайын. Соңғы 1 жылда менің түсірілімге қажетті құралдарымның бірі «парик» болып кетті. Себебі, қанша түсірілім болса, сонша рет шашқа түрлі зақым келтіретін құралдар пайдаланады. Ол жерде лак не гель туралы айтып та тұрған жоқпын. Мұның барлығы, әрине кері әсерін алып келеді. Шаш ұштанады, сынады, әлсізденіп, ренкі кетеді. Ұзын шашты қаласаңыз, жоғарыда айтылып кеткеннің бәрін аз мөлшерде пайдаланыңыз. Ал мен ай сайын шашымды бояп тұруым керек. Себебі шашыма ақ түсті. Оған қоса неше рет шашыма рең беретін бояумен боядым. Бәрі-бәрі көңіл күйді түсіреді. Қазіргі таңда осы парик арқылы шашым жақсы бір қалыпқа келіп қалды. Сондықтан, көп сұрақ туындамас үшін жауап беруді жөн көрдім», – деп жазды әнші.

Серіктес жаңалықтары