299
Қазақстанда тағы бір жол ақылы болуы мүмкін
«Шымкент – Қызылорда» республикалық жолының 425,5 шақырымын ақылы ету ұсынылды.
«Ашық НҚА» порталында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығын өзгерту жөніндегі жоба қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Құжатта «Шымкент – Қызылорда» республикалық жолының 425,5 шақырымын ақылы ету ұсынылып отыр. Ол 4 желтоқсанға дейін талқыланады.
"Аталған жолда жеңіл көліктен шамамен 530 теңге, 32 орынға шейін автобус пен салмағы 5,5 тоннаға дейінгі жүк көлігінен 5 430 теңге ақы алынуы мүмкін. Қазіргі уақытта еліміздегі жолдарда ұзындығы 3 200 шақырым болатын 17 учаске ақылы", – деп жазылған Qazaqstan телеарнасы таратқан хабарламада.