Жантүршігерлік жол апатынан 23 жастағы әйел баласымен бірге қаза тапты

Бала небәрі 2 жаста болған.

Жантүршігерлік жол апатынан 23 жастағы әйел баласымен бірге қаза тапты
видеодан алынған скрин
325

Жамбыл облысында жол апаты салдарынан әйел мен оның екі жастағы баласы тірідей өртеніп кетті. Қайғылы оқиға 24 қараша күні кешке болды, деп хабарлайды turkystan.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты республикалық маңызы бар Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожолының 369-шақырымында болған.

Таразға бет алған ВАЗ 2114 пен BMW көліктері жол жиегіне тоқтаған. Осы кезде Mercedes көлігінің 44 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, оларға соқтығысқан. Салдарынан BMW жүргізушісі мен оның кәмелетке толмаған ұлы оқиға орнында көз жұмды.

BMW көлікті 23 жастағы әйел айдаған, ал салонда оның екі жасар ұлы болған. Соққыдан көлік отқа оранған.

"Mercedes жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Серіктес жаңалықтары