Ол бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеу кезінде электронды бақылау құралын рұқсатсыз кесіп, мінез-құлқы туралы есеп беру үшін ай сайын тіркелуге келмеген, сондай-ақ пробация қызметінің инспекторына жұмысқа орналасқанын айтып, жаңылыстырып келген.
Бурабай ауданы прокуратурасының өтінішхаты бойынша оның бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды.
Ол енді қалған мерзімін бас бостандығынан айыру орындарында өткізеді.