Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола жеңіп алды

/
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола  жеңіп алды
Olympic.kz
Үшінші орын үшін тартыста Қазақстан құрамасы Франциядан 35:34 есебімен басым түсті.

Қазақстандық шпагашылар Ванкуверде (Канада) өткен әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды.

Жүлдеге жету жолында қазақстандық спортшылар Гонконг құрамасын - 45:31 есебімен тізе бүктірді. Ширек финалда Италиядан - 45:28 есебімен айласын асырды. Алайда, отандастарымыз  жартылай финалда Жапонияға қарсы  28:45 есебімен есе жіберді.

Үшінші орын үшін тартыста Қазақстан құрамасы Франциядан 35:34 есебімен басым түсті. Ал алтын жүлдені финалда Жапонияны жеңген Венгрия командасы иеленді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының намысын Руслан Құрбанов, Элмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай қорғады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары