Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгін ауа райы қандай болады?

Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
istockphoto.com
249

23 қарашада еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Болжам бойынша, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз екпіні - 15-20 м/с.

Астанадакей уақыттарда тұман.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысында шығыстан жел соғады, солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 23-28 м/с, тау асуларында 30 м/с және одан аса болады.

Шымкентте шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с-ке жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с болады.

Шымкентте жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с болады.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ.

Алматыда түнде тұман, жолдарда көктайғақ болады.

Серіктес жаңалықтары