Шымкент тұрғындарының жалақысын көтеру үшін бюджеттен 10 млрд теңге бөлінді – әкім

Шымкент тұрғындарының жалақысын көтеру үшін бюджеттен 10 млрд теңге бөлінді – әкім
www.istockphoto.com
454

Биыл Шымкентте кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына 23,5 млрд теңге қаралып, есепті кезеңде 15,5 млрд теңгені құрайтын 3 734 жобаға қолдау көрсетілді. Бұл жайлы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қалада алғаш рет шағын және орта кәсіпкерлердің жаңа бастамаларын қолдау үшін «шағын өндірістік алаңдарды құру» жобасы бастау алды. Бұл жерде толық инфрақұрылыммен қамтылған дайын өндіріс алаңдары кәсіпкерлерге қолжетімді болады. «Бүгінгі таңда аумағы 54 мың шаршы метр құрайтын 3 өндірістік алаңды салу жұмыстары басталды. 

«Кәсіпкерлер үшін тағы бір жақсы жаңалық болған осы жылдан бастап бөлшек салық мөлшерін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету бойынша шешім қабылданды. Бұл кәсіпкерлерді ашық жұмыс жасауға ынталандырып, бүгінде осы салық түрінен бюджетке түсетін түсім 4,4 есеге артып отыр. Одан бөлек, кәсіпкерлерге ыңғайлы орта құру үшін 7 базарды стандартқа сәйкестендіру жұмыстарын қолға алдық. Биыл 3 базар модернизациядан өтетін болады», – деді шаһар басшысы. 

Жұмыс орындарын құрып, халық табысының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп отыр.  Өңірдегі белсенді жұмыс істейтін азаматтар саны  468 мыңнан асты. Биыл жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында, жұмыспен қамту шараларына 45 мыңнан астам адам тартылып, 32 мыңға жуығы тұрақты жұмыспен қамтылды.  

Жұмыспен қамту және мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 30%-ға пайызға азайды. Өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 4,9%-дан 4,8 %-ға төмендеді.  

«Экономикалық көрсеткіштердің өсімі халықтың өмір сапасына тікелей әсер етіп отыр. Өздеріңіз білетіндей, Шымкент қаласы жалақы мөлшері төмен өңірлер қатарына жатады. Осы ретте, өңірдегі жалақыны арттыру бағытында жүйелі шаралар қабылдап, жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жергілікті бюджеттен 15 мыңға жуық еңбекақысы төмен азаматтық қызметшілердің жалақысын қосымша 50 мың теңгеге көтердік. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 10 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық бюджеттік қызметкерлердің жалақысы 140 мың теңгеден асты. Қазіргі таңда, өңірдегі орташа жалақы көлемі 12,5 %-ға өсіп, 304 мың теңгеге жетті», – деді спикер.

Серіктес жаңалықтары