ҚМДБ энергетикалық сусындарға қатысты үкім шығарды

ҚМДБ энергетикалық сусындар алкогольсіз және алкогольді деп екіге бөліп қарастырған.

ҚМДБ энергетикалық сусындарға қатысты үкім шығарды
istockphoto.com
123

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарды ішу-ішпеуге қатысты пәтуа шығарды.

ҚМДБ энергетикалық сусындар алкогольсіз және алкогольді деп екіге бөліп қарастырған.

«Энергетикалық сусындардың құрамында алкоголь аз мөлшерде болса да оны ішуге тыйым салынады», - деп хабарлады мүфтият.

Ал, алкогольсіз энергетикалық сусындарға тоқталған ҚМБД «кез келген сусынның құрамында алкоголь, зиянды заттар, харам, нәжіс нәрселер болмаса оны қолдануға рұқсат» дейді.

«Ал құрамында адам баласының денсаулығына зиян беретін заттар болса (алкоголь, қауіпті заттар, харам, нәжіс т.б.) қолдануға тыйым салынады. Энергетикалық сусындарды жиі қолдану ағзаға (жүрекке, жүйке жүйесіне, қан қысымының жоғарылауына, қант диабетіне, семіздікке, аяқ-қолдың діріліне, т.с.с.) қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған. Сондықтан мұсылман адамға мұндай сусындардан аулақ болғаны дұрыс», - деп атап өткен зерттеулерге сүйенген ҚМБД-ның баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары