Талғарда уақытша ұстау изоляторының басшысы қызметінен босатылды

Олар туыс қарындасын зорлады деген күдікке ілінген Бекарыс Қалмырзаевтың қашуына жол бергені үшін жазаланды

Талғарда уақытша ұстау изоляторының басшысы қызметінен босатылды
ІІМ
230

Талғардағы уақытша ұстау изоляторының басшысы мен қызметкері полиция қызметінен босатылды.

Олар туыс қарындасын зорлады деген күдікке ілінген Бекарыс Қалмырзаевтың қашуына жол бергені үшін жазаланды. Алматы облысының полициясы күдіктіні бірнеше күн бойы іздестірген.

Мәліметтерге сенсек, Талғар аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК 371-бабы («Мемлекеттік немесе құқық қорғау органының басшысының қызметтегі әрекетсіздігі») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Бұл қылмыстық іс аясында қызметкерлердің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, қызметтік тексеру нәтижесінде 12 қызметкер қатаң тәртіптік жауапқа тартылды. Оның ішінде уақытша ұстау изоляторының басшысы мен жауапты қызметкер ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан босатылды», – делінген Ішкі министрлігінің жауабында.

Бұдан бөлек, күдікті Бекарыс Қалмырзаевтың қашу фактісі бойынша да Қылмыстық кодекстің 426-бабы «Қамаудан, тұтқыннан немесе күзеттен қашу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары