Ауыл шаруашылығы министрлігі: «Шайн мускат» жүзімінде ағзаға зиянды зиянкес табылған жоқ

Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес карантиндік зиянкестер табылған жоқ.

Ауыл шаруашылығы министрлігі: «Шайн мускат» жүзімінде ағзаға зиянды зиянкес табылған жоқ
Ауыл шаруашылығы министрлігі
190

Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді.

Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес карантиндік зиянкестер табылған жоқ.

 

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) «Shine Muscat» нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш.

Естеріңізге сала кетейік, өсімдіктер карантинінің негізгі мақсаттары:

1) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндік объектілердің карантиндік аймағынан кіруден немесе дербес енуден қорғау;

2) карантиндік объектілерді анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне енуіне жол бермеу;

3) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.

Серіктес жаңалықтары