Балық өсірушілерге субсидия берілуі мүмкін

Су айдындарын аукциондық сауда-саттық тәсілімен электрондық портал арқылы конкурстық негізде жүргізу ұсынылады.

Балық өсірушілерге субсидия берілуі мүмкін
istockphoto.com
190

Субсидия су тұтыну шығындары үшін берілмек. Мәжілісте заң жобасын Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин таныстырды.

Су айдындарын конкурстық негізде және конкурс рәсімдерін өткізбей беру тәртібі көзделген. Су айдындарын аукциондық сауда-саттық тәсілімен электрондық портал арқылы конкурстық негізде жүргізу ұсынылады.

Тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарын құру жөніндегі инвестициялық жобалар үшін, егер инвестиция сомасы кемінде 150 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде болса, халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарын конкурс өткізбей беру ұсынылады. Бүгінде бұл сома шамамен 550 млн теңгені құрайды, - деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары