«Үшіншісін біле бермейді»: Төреғали Төреәлі «ТТТ» сөзінің мағынасын түсіндірді

«Үшіншісін біле бермейді»: Төреғали Төреәлі «ТТТ» сөзінің мағынасын түсіндірді
instagram
1005

Танымал әнші Төреғали Төреәлі «ТТТ» сөзінің мағынасын көпшілік қате тарқатып алғанын айтты. 

Өнер иесі руы Әлімнің ішіндегі «Татыран» екенін мәлім етті.

«ТТТ» сөзіндегі «ТТ» – Төреғали Төреәліұлы деген екі сөздің бас әрпі екенін көпшілік біледі. Алайда үшінші «Т»-ның шешімін біле бермейді. Дегенмен, ел ішінде әркім өзінше тарқатып айтып жүр екен. Біреулер туған жері Төретам деген сөздің бас әрпі десе, біреулер әйелі «Толқынның бас әрпі» депті.

Руым да Әлімнің ішіндегі – «Татыран».

Қызылорда қаласында өткен кештерімнің бірінде залдан бір қария шығып батасын беріп болып: «Маған, бір сұрағым бар еді. «ТТТ» дегендегі үшінші «Т» Татыран деген сөз деп естіп едім, сол рас па?» деді. Мен: «Жоқ, ата, үшінші «Т» Татыран деген өтірік. Бірінші «Т» –Татыран» дедім. Атам жүзі жадырап, бір қуанып қалды. Шамасы, аталасым болса керек. Жүзге бөлінгенім емес, жеті атасын білмеген жетесіз дейді ғой. Негізі, ешкімге айтпап едім, атам қайдан естіді екен. Шынымен, үшінші «Т» – Татыран атамның есімінің бас әрпі болатын», – деп түсіндірді өнер иесі.

Серіктес жаңалықтары