Риддерде 10 млн теңгенің вейпі бар қойма анықталды

Күдікті тауарды мессенджер арқылы сатып алып, кейіннен өзі сатуды көздеген.

Риддерде 10 млн теңгенің вейпі бар қойма анықталды
Polisia.kz
191

Риддерде жедел уәкілдер 900-ден астам электронды өнімді сатпақ болған күдіктілерді ұстады.

21 жастағы күдіктіні полиция қызметкерлері тыйым салынған тауарды жергілікті тұрғынға сату кезінде ұстаған. Риддер тұрғыны қойма ретінде пайдаланған ғимараттан шамамен 10 миллион теңге тұратын 916 электронды темекі тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тауарды мессенджер арқылы сатып алып, кейіннен өзі сатуды көздеген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл құқық бұзушылық үшін күдіктіге 200 АЕК-ке дейін айыппұл, дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстары мен 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамау жазасы тағайындалуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары