156
1 желтоқсаннан бастап көктемгі егіс жұмыстары қаржыландырылады
Вице-министр «Аграрлық несие корпорациясы» 29 қарашадан бастап 100 млрд теңге мөлшерінде қаржыландыруды бастайтынын айтты.
Келесі жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру 700 млрд теңгеге жеткізілмек. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов айтты.
«2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемін 700 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Көрсетілген көлемдегі қаражатты қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға арналған бюджет жобасында 45 млрд теңге көзделді, қосымша қажеттілік 71,9 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, Президенттің қаржыландыруды осы жылдың желтоқсан айында бастау туралы тапсырмасын орындау үшін Үкімет қаулысының жобасы әзірленді, ол бүгінгі Үкімет отырысының қарауына шығарылады», – деді вице-министр Үкімет отырысында.
Азат Сұлтанов «Аграрлық несие корпорациясы» 29 қарашадан бастап 100 млрд теңге мөлшерінде қаржыландыруды бастайтынын айтты.
Бүгінде 500-ден аса ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден өтінімдер келіп түскен.