Елімізде қыс мезгіліне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Биыл қыста ауа райы қандай болады?

Елімізде қыс мезгіліне арналған ауа райы болжамы жарияланды
istockphoto.com
631

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы қыс мезгіліне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Болжамға сәйкес, желтоқсан айында Қазақстанның басым бөлігінде жиі циклондық қызметтің әсері болып, қар, боран және екпінді жел жүреді. 

Елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын жаңбыр мен ылғалды қар түрінде болады, ал таулы аймақтарда қар жаууы мүмкін. Елдің батысы мен оңтүстігінде көктайғақ пен тұман жиі кездеседі.

Қыстың алғашқы екі айында, яғни, желтоқсан және қаңтар айларында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын болуы ықтимал. Ақпан айында республиканың көп бөлігінде ауа температурасы нормадан 1 градусқа жоғары болады деп болжанып отыр.

Серіктес жаңалықтары