Астанада жасөспірім жігіт оқушыны ұрып, ақша бопсалаған

Полиция қылмыстық іс қозғады.

Астанада жасөспірім жігіт оқушыны ұрып, ақша бопсалаған
istockphoto.com
Автор
Админ
205

Астана маңындағы Талапкер ауылында жасөспірім жігіт мектеп оқушысын ұрып-соғып, ақша талап еткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл оқиға 2 қараша күні кешкісін жәбір көрген оқушының үйінің маңында болған.

Жергілікті тұрғындар мұндай жағдайдың бірнеше рет қайталанғанын айтады.

«Зардап шеккен ұл балаға психологиялық көмек көрсетілді. Ол мектепке барып жүр. Осы факті анықталған соң құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысқандар мектепішілік есепке қойылды. Олармен профилактикалық жұмыс жүргізіледі», - деді ведомство.

Ақмола облысының Полиция департаменті бұл іске қатысқандардың барлығы анықталғанын, соққыға жыққан жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіне қатысты міндеттемелерін орындамағаны үшін жазаланатынын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары