Енді бір банктің QR-ын екінші банктің мобильді қосымшасы оқи беретін болады

Кәсіпкерлер клиенттен төлем қабылдау үшін әр банктің терминалын алып шығындалмайды.

Енді бір банктің QR-ын екінші банктің мобильді қосымшасы оқи беретін болады
istockphoto.com
Автор
Админ
234

Қазақстан қаржыгерлерінің конгресінде банкаралық QR бойынша пилоттық жоба таныстырылды.

Қазақстан Ұлттық Банкі мен Ұлттық төлем корпорациясы (бұдан әрі – ҰТК) банкаралық QR төлемдерін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Бірінші транзакцияның көрсетілімі 15 қарашада Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі аясында екінші деңгейлі екі банктің қатысуымен өтті.

Банкаралық QR төлем қызметі азаматтарға QR төлемдерін жылдам және ыңғайлы жүргізуге мүмкіндік беретін Ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылымның (бұдан әрі – NDFI) құрамдас бөліктерінің бірі саналады.

Атап айтқанда, банкаралық QR төлемдерін енгізу кәсіпкерлік субъектілеріне әртүрлі банктердің бірнеше терминалдарын орнату құнын төмендетуге, ал азаматтарға QR-код арқылы елдегі кез келген банктің терминалы арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде банктер NDFI инфрақұрылымына қатысу аясында банкаралық транзакцияларды өңдеу құнын төмендету және клиенттерге төлем қызметтерін кеңейту есебінен шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік алады.

Қазіргі уақытта банкаралық QR төлем жүйесінің функционалдығы қамтамасыз етіліп, қатысушы банктерді кезең-кезеңімен қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны масштабтау 2025 жылға жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары