Киевте Думаның бұрынғы депутаты Денис Вороненковты атып кетті

Киевте Думаның бұрынғы депутаты Денис Вороненковты атып кетті

Киевте Думаның бұрынғы депутаты Денис Вороненковты атып кетті
ашық дереккөзі
Киевтің орталық ауданында Ресей Мемлекеттік Думасының бұрынғы депутаты Денис Вороненковты атып өлтірді. Оқ атылған кезде оның қасында Думаның тағы бір бұрынғы депутаты Илья Пономарев болған.
Атыс Premier Palace қонақ үйі маңында болған, Вороненковтың күзетшісі жараланған. Шабуылдаған адамға да оқ тиіп, кейін ол ауруханада қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, кісі өлтірген адам - 29 жастағы Украина азаматы, іздеуде болған. Тергеу кісі өліміне тапсырыс берген деген нұсқаны қарастырып отыр. Ресейдің Мемлекеттік Думасының бұрынғы депутаты Денис Вороненковқа Мәскеуде құны 5 миллион доллар болатын ғимаратты рейдерлікпен басып алды деген күдік тағылған. 2016 жылдың қазанында бұрынғы депутат Украинаға қашып кетті. Желтоқсан айында ол украиналық азаматтық алды. Биыл 15 ақпанда Ресейдің Тергеу комитеті оған федералдық іздеу жариялады. Қаңтар айында Вороненков Украинаның Бас прокуратурасына елдің бұрынғы президенті Виктор Януковичтің мемлекеттік сатқындыққа қатысты ісі бойынша куәгерлік етті. Украина президенті Петр Порошенко Думаның бұрынғы депутатының өлімін "Ресей тарапынан жасалған мемлекеттік терроризм актісі" деп атады. Мәскеу Вороненковтың өліміне қатысты пікір білдірмеді. Ресей президенті Дмитрий Песков: "Бұл біздің тақырып емес", - деп мәлімдеген.