сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Қонаев сотының төрағасы сотталды

/
istockphoto.com
Ол алаяқтық үшін айыпталған.

Алматы облысының Қонаев қаласы сотының төрағасына үкім шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Алматы облысының Қарасай ауданы сотының үкімімен Қонаев қаласы сотының төрағасы 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол аса ауыр қылмысты неғұрлым жеңіл қылмыс санатына ауыстырып, жазаны жұмсарту үшін 9 млн теңге заңсыз сыйақы алу арқылы алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Данияр Бигайдаров.

Сондай-ақ ол мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылған.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу: