Перу полициясы Лима қаласынан «Барселона» клубының және Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің суреті салынған есірткі партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды Vesti.kz «Чемпионат.сом» сайтына сілтеме жасап.
Есірткі арнайы қораптарға салынған, ал оның сыртында аргентиналық футболшының суреті мен қолтаңбасы қойылған. Тәркіленген есірткі мөлшері – 1417 келі. Шамамен осы мөлшердегі есірткінің құны – 85 миллион доллар.