Желіде иесінің тек қазақ тілінде айтқандарын істейтін ит жұртты тәнті етті

Ол "Таза қала" акциясына қатысып, бұтақтар жинауға көмектескен

Желіде иесінің тек қазақ тілінде айтқандарын істейтін ит жұртты тәнті етті
Видеодан алынған кадр
301

Желіде тек қазақша ән мен қазақ тілінде сөйлегендерді ұнататын Майлыбек есімді ит жұртшылықты сүйсіндірді. Иесінің айтуынша, жануарға тек қазақ тілінде ғана нұсқау берсең ол орындайды.

Inbusiness.kz сайтының мәліметінше, Майлыбек – өзіне нұсқауларды тек қазақша айтса түсінетін және әндерді тек ана тілінде жақсы көретін нағыз қазақ иті. Иесі жануарды қалай кездестіргенінің өзі бір үлкен оқиға екенін айтады.

Майлыбектің қазіргі иесі онымен басқа тілде де сөйлесіп, нұсқау беруге тырысқан. Алайда оны бұрынғы иелері кішкентайынан қазақ тіліне үйретіп қойғандықтан, осы тілге ерекше тыңдап түсінгендей әрекеттер жасайды.

Қазір Майлыбектің қазіргі иесі де қазақ тілін мәдениетпен және дәстүрмен байланыста ұстай отырып, үйреніп жүр.

Иесінің айтуынша, Майлыбек сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға да атсалысады. Ол "Таза қала" акциясына қатысып, бұтақтар жинауға көмектескен.

Майлыбектің иес оның видеоларын желіге саларда осыншалық танымалдылыққа ие болады деп ойламаса керек. Бір түнде жануарды милиондаған адам қарап, сүйіспеншілікке бөленген. Иесіне адал достығы мен қазақ тілін ерекше көретін ит жұртшылықты тәнті етуде.

Серіктес жаңалықтары