Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» синоптиктері болжам жасады

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
istockphoto.com
1165

«Қазгидромет» синоптиктері 9-11 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстан аумағының басым бөлігін солтүстік циклон қамтиды, осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: қар жауады, батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр, қар боран және көктайғақ болады.

Елдің басым бөлігінде екпінді жел соғады, күші 15-29 м/с. 9 қарашада түнде Қостанай облысында, 10-11 қарашада республиканың шығысында қатты қар жаууы болжанып отыр.

Республиканың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +8-13 дейін, таулы аудандарда +5 градусқа дейін көтеріледі.

Серіктес жаңалықтары